90 captures
17 Oct 2011 - 10 Jan 2026
Apr MAY Jun
10
2012 2013 2014
success
fail

About this capture

COLLECTED BY

Organization: Internet Archive

The Internet Archive discovers and captures web pages through many different web crawls. At any given time several distinct crawls are running, some for months, and some every day or longer. View the web archive through the Wayback Machine.

Collection: Wide Crawl started April 2013

Web wide crawl with initial seedlist and crawler configuration from April 2013.
TIMESTAMPS

The Wayback Machine - http://web.archive.org/web/20130510192759/http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BD
 



Платон

 

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
 

Мында өту: шарлау, іздеу  
A.
Дельфтердегi платонның мүсiнi

Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

  1. себептілік;
  2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
  3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
A.
"Афиндік мектеп" фрескасында Платон

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.

Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.

Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында『барлық нәрсенің өлшемі — Құдай』деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.

Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді. [1][2]

Пайдаланған әдебиет [өңдеу]

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7



“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том


«http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Платон&oldid=1777666» бетінен алынған 

Санаттар: 
Ежелгі грек философтары
Эстетиктер
Жасырын санат: 
Уикилендіруі қажет мақалалар
 

Navigation menu

 

Жеке құралдар



Жаңа тіркелгі
Кіру
 



Есім кеңістігі



Мақала

Талқылау
 


disable 

Нұсқалар




disable

Кирил

Latın

توتە

disable

disable

disable
 




Көрініс



Оқу

Өңдеу

Тарихы
 


Әрекеттер












Бағыттау




Басты бет

Қауым порталы

Ағымдағы оқиғалар

Жуықтағы өзгерістер

Кездейсоқ бет

Анықтама

Демеушілік
 



Баспа/экспорт




Кітап жасау

PDF түрінде жүктеп алу

Басып шығару үшін
 



Құралдар




Мұнда сілтейтін беттер

Қатысты өзгерістер

Арнайы беттер

Тұрақты сілтеме

Page information

Беттен дәйексөз алу
 



Басқа тілдерде




Afrikaans

Alemannisch



Aragonés

Ænglisc

العربية

مصرى

Asturianu

Azərbaycanca

Башҡортса

Žemaitėška

Беларуская

Беларуская (тарашкевіца)

Български





িি ি

Brezhoneg

Bosanski

Català

Mìng-dĕ̤ng-nḡ

Cebuano

کوردی

Corsu

Česky

Словѣ́ньскъ / 

Чӑвашла

Cymraeg

Dansk

Deutsch

Zazaki

Dolnoserbski

Ελληνικά

Emiliàn e rumagnòl

English

Esperanto

Español

Eesti

Euskara

Estremeñu

فارسی

Suomi

Võro

Føroyskt

Français

Frysk

Gaeilge



Gàidhlig

Galego



עברית

ि

Fiji Hindi

Hrvatski

Magyar

Հայերեն

Interlingua

Bahasa Indonesia

Interlingue

Ilokano

Ido

Íslenska

Italiano



Basa Jawa



Qaraqalpaqsha

Taqbaylit







Kurdî

Кыргызча

Latina

Ligure

Lietuvių

Latviešu

Basa Banyumasan

Македонски



Монгол



Bahasa Melayu

Mirandés



Nāhuatl

Plattdüütsch



Nederlands

Norsk nynorsk

Norsk bokmål

Occitan



Polski

Piemontèis

پنجابی

پښتو

Português

Runa Simi

Română

Русский

Русиньскый



Саха тыла

Sardu

Sicilianu

Scots

سنڌي

Sámegiella

Srpskohrvatski / српскохрватски

Simple English

Slovenčina

Slovenščina

Shqip

Српски / srpski

Svenska

Kiswahili

ி



Тоҷикӣ



Tagalog

Tok Pisin

Türkçe

Татарча/tatarça

ئۇيغۇرچە / Uyghurche

Українська

اردو

Oʻzbekcha

Vèneto

Vepsän kel

Tiếng Vit

Walon

Winaray



ייִדיש

Yorùbá





Bân-lâm-gú



Edit links
 





Бұл беттің өзгертілген соңғы кезі: 17:44, 2013 ж. наурыздың 14.

Text is available under the Creative Commons Attribution/Share-Alike License; additional terms may apply. See Terms of Use for details.
 


Жеке құпиясын сақтау

Уикипедия туралы

Жауапкершіліктен бас тарту

Мобильді нұсқа
 


Wikimedia Foundation
Powered by MediaWiki