51 captures
17 May 2011 - 09 Jun 2024
Apr MAY Jun
09
2012 2013 2014
success
fail

About this capture

COLLECTED BY

Organization: Internet Archive

The Internet Archive discovers and captures web pages through many different web crawls. At any given time several distinct crawls are running, some for months, and some every day or longer. View the web archive through the Wayback Machine.

Collection: Wide Crawl started April 2013

Web wide crawl with initial seedlist and crawler configuration from April 2013.
TIMESTAMPS

The Wayback Machine - http://web.archive.org/web/20130509084617/http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%B0
 



Компьютерлік бағдарлама

 

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
 

Мында өту: шарлау, іздеу  

Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.[1]


Мазмұны

Бағдарлама басылмасы [өңдеу]

Бағдарлама басылмасы (Распечатка программы; program (source) listing) — аударғышпен берілетін алғашқы программа мәтінінің басылымы.

Бағдарлама бланкі [өңдеу]

Бағдарлама бланкі (Бланк программы; the form of the program) — бағдарламаға арналған кодтау бланкі.

Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы [өңдеу]

Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы (Блок программы (подпрограмма); program unit (subprogram)) — үлкен бағдарламаның құрамды бөлігі. Кейбір жағдайларда бұл бөлік тәуелсіз болуы мүмкін.

Бағдарлама жобасының тілі [өңдеу]

Бағдарлама жобасының тілі (Язык проекта программы; programme design language) — арнайы құрылмалары бар және, кей жағдайда, бағдарлама жобасын әзірлеу, анализ жасау және құжаттамалау үшін пайдаланылатын верификациялық хаттамалары бар спецификация тілі. қ. Аппараттық жасақтама жобасы- ның тілі (hardware design language); к. Псевдокод (pseudo code).

Бағдарлама көшірмесі [өңдеу]

Бағдарлама көшірмесі (Копия программы; program сору) — тұпнұсқадан көшірілген және күнделікті жұмысқа пайдалануға арналған бағдарлама данасы.

Бағдарлама қоршауы [өңдеу]

Бағдарлама қоршауы (Окружение программы; environment) — пайдаланушы жұмыс істейтін ортадағы есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалык ресурстары.

Бағдарлама нұсқауы [өңдеу]

Бағдарлама нұсқауы (Инструкция программы) — бастапқы программаның нұсқауы. Ескерту: бағдарлама нүскауы ассемблерлеу, құрастыру немесе басқа процестер нәтижесінде алынған машина командаларынан ерекше болады.

Бағдарлама объектісі [өңдеу]

Бағдарлама объектісі, программалық объект (Объект программы, программный объект; program object) — бағдарламаға түсінікті және онымен өңделетін мәліметтер элементі. Мысалы, бағдарламалық объектіге программада сипатталған айнымалылар, жиымдар, файлдар, жазбалар және т.б. жатады.

Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты [өңдеу]

Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты (Астрономическое время выполнения программы; wall-clocktime) — Бағдарлама орындалуының басталуы мен аяқталуының аралығындағы уақыт.

Бағдарлама өлшемі [өңдеу]

Бағдарлама өлшемі (Размер программы; program size) — биттердегі немесе байттардағы, сиректеу операторлардағы (командалардағы) бағдарлама ұзындығы.

Бағдарлама сегменті [өңдеу]

Бағдарлама сегменті (Сегмент программы;, program segment) — оверлейлік бағдарламаларда жедел жадқа толықтай шақырылатын бір немесе бірнеше басқару секцияларының құрамындағы ең кіші бағдарламалық бірлік.

Бағдарлама секциясы [өңдеу]

Бағдарлама секциясы (Секция программы; program section) — кобол бағдарламасындағы атаулы, логикалық байланысқан параграфтардың тізбегі.

Бағдарлама семантикасы [өңдеу]

Бағдарлама семантикасы (Семантика программы; program semantics)— 1) қабылдағыштың — адамның немесе автоматтың — бағдарламаны ұғынуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы; 2) бағдарламаның автоматты атқарылуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы.

Бағдарлама сипаттамасы [өңдеу]

Бағдарлама сипаттамасы (Спецификация программы; program (module) specification) — мәселенің шешу алгоритмін (бағдарламасын) құруға қажетті ақпараты бар дәл және толық тұжырымы; өңдеу нәтижесінде қанағаттандыруы тиіс бағдарламаға қойылатын талаптардың формальданған ұсынылуы.

Бағдарлама схемасы [өңдеу]

Бағдарлама схемасы(Схема программы; the circuit of the program) — кейбір абстрактылық алгебралық жүйенің сигнатураны пайдаланып бағдарламаның қалай түзілетінін көрсететін құрылымдық объект.

Бағдарлама туралы ақпараттық файл [өңдеу]

Бағдарлама туралы ақпараттық файл (Файл информации о программе; Program Information File (PIF))— Windows ортасында бұл ортаға арналып жазылмаған бағдарламаларды қалай орындау керектігі жөнінде мәліметтер сақтайтын файл. Бұл файлда мынадай мәліметтер бар: файл аты, оны іске қосатын каталог, оның көп есептілік режімде жұмыс істеу қабілеті және экранның жұмыс режімі (мәтін, графика, терезе, толық экран) опциясы.

Бағдарламадағы қате [өңдеу]

Бағдарламадағы қате (Ошибка в программе; program error, malfunction) — 1) бағдарламада кездесетін кез келген қате. Бағдарламадағы қатенің болуы бағдарлама дұрыс құрастырылмағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде болатыны белгілі. Қате синтаксистік және сематикалық болып бөлінеді. Олар бағдарламаны аудару мен сынақтан өткізген кезде байқалады және бағдарламаны жөндеу процесінде түзетіледі; 2) Бағдарламаны өңдеу барысында жіберілген қате.

Бағдарламаланатын жасақтама [өңдеу]

Бағдарламаланатын жасақтама (Программируемое обеспечение; firmware) — құрылымы өзгерместен міндеті бағдарламалық тәсілмен динамикалық түрде өзгеретін жабдық.

Бағдарламаланатын логикалық автомат [өңдеу]

Бағдарламаланатын логикалық автомат (Автомат с программируемой логикой) — жұмыс істеу алгоритмі микрокомандалардан тұратын микробағдарлама ретінде басқару жадына жазылатын, жобаланып жатқан кұрылғының жұмыс істеу алгоритміне жедел өзгеріс енгізуге мүмкіндік болатын автомат.

Бағдарламаланатын логикалық матрицалар [өңдеу]

Бағдарламаланатын логикалық матрицалар (Программируемые логические матрицы; programmable logic array, PLA) — шарттаңбалық түрлендіргіштерді жүзеге асыруға арналған орташа және тіпті үлкен дәрежелі шоғырланған микросхемалар. Байланыс желілерінде арнаулы қосқыштары (жалғастырғыштар) бар. Оларды іріктеп бұзуға ("күйдіруге") болады. Сөйтіп бұл матрицаның пайдаланушысына керек байланыстарды қалдыруға, ал керек емесін жоюға болады.

Бағдарламаланатын перне [өңдеу]

Бағдарламаланатын перне (Программируемая клавиша; programmable (soft) key) — атқаратын қызметі берілген қолданбалы бағдарламамен анықталатын перне.

Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы [өңдеу]

Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы (Программируемое постоянное запоминающее устройство; programmable read-only memory) — мәліметтерді жазу немесе ауыстыру берілген бағдарлама бойынша сақтауыш элементке электрлік, магниттік немесе жарықтық әсер арқылы орындалатын тұрақты сақтауыш құрылғы; ақпараты бағдарлама бойынша басқарылу тәсілімен өшірілетін және жаңартылатын тұрақты сақтауыш құрылғы.

Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема [өңдеу]

Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема (Программируемая большая интегральная схема) — пайдаланушы атқаратын міндеттерін өзгерте алатын үлкен интегралдық схема.

Бағдарламаланған оқыту [өңдеу]

Бағдарламаланған оқыту (Программированное обучение) — арнайы жазылған бағдарламаларды қолдану арқылы оқытып үйрету.

Бағдарламалар базасы [өңдеу]

Бағдарламалар базасы (База программ; program base) — ретке келтірілген бағдарламалардың жиынтығы.

Бағдарламалар банкі [өңдеу]

Бағдарламалар банкі (Банк программ; program bank) — бір орталыққа топтастырылған бағдарламалар мен бағдарламалар дестесінің жиынтығы. Бұдан әркім өзіне қажеттілерін пайдаланады. Бағдарламалар банкі магниттік дискілерде бір немесе бірнеше кітапхана түрінде ұйымдастырылады.

Бағдарламалар кітапханасы [өңдеу]

Бағдарламалар кітапханасы (Библиотека программ; program library)— 1) бағдарламалардың белгілі бір жүйемен топтастырылған жиынтығы; 2) жүйеде жұмыс істейтін кез келген адамға қатынас құруға болатын стандартты бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалар кітапханасы бағдарламашылардың қандай да нақты бір мәселені шешуге арналған қажетті дайын алгоритмдер мен бағдарламаларды таңдауына мүмкіндік жасап, олардың қызметін жеңілдетеді. Керекті мәліметтер атауы арқылы ізделеді. Кітапханадағы мәліметтер бөлімдері тізбектелген файл түрінде жазылып, олар әр түрлі бағдарламалардан тұрады. Мәліметтер мазмұны жекеленген элементтерден құрастырылады да, әрбір элемент бөлім атауынан және оның адресінен тұрады.

Бағдарламалар тобы [өңдеу]

Бағдарламалар тобы (Группа программ; program group) — Windows 3.x ортасында бағдарлама менеджері ішінде орналасқан қолданбалы бағдарламалар тобы. Нақты белгілері бойынша топтастырылған бағдарламалар жиыны ретінде қарастырылады. Бұлай топтастыру керек кезінде оларды жылдам іздеп тауып, тез іске қосу жұмыстарын жеңілдетеді.

Бағдарламалар ұқсастығы [өңдеу]

Бағдарламалар ұқсастығы (Идентичность программ; program identity)— шешетін мәселелердің алгоритмдерінің бірдейлігі, бір немесе әр түрлі программалау тілінде жазылған екі бағдарламаның бірдейлігі.

Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу [өңдеу]

Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу (Автоматический синтез программ; automatic synthesis of the programs) — мәселелерді шешу программаларын осы мәселелердің сипаттамасы бойынша даярлау. Ол бағдарламалаудың интелектілік жүйесінің негізгі қызметі болып саналады.

Бағдарламаларды бөлу [өңдеу]

Бағдарламаларды бөлу (Разделение программ; program sharing) — сол бір бағдарламаны бірнеше компьютердің немесе абоненттердің бір мезгілде пайдалану мүмкіндігі.

Бағдарламаларды қайта аудару [өңдеу]

Бағдарламаларды қайта аудару (Ретрансляция программ; program retranslation) — аударуға кері процесс-объектілік модульдерді алғашқы тілдегі бағдарламаға автоматтық түрлендіру.

Бағдарламаларды түрлендіру [өңдеу]

Бағдарламаларды түрлендіру (Преобразование программ; program transformation) — жүйелілік әдістерді қолдану негізінде алғашқы программалардан жаңа бағдарламалар алу.

Бағдарламалардың байланыс блогы [өңдеу]

Бағдарламалардың байланыс блогы (Блок связи программ; program communication block) — IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде мәліметтер базасының ішкі схемасының сипаттамасы.

Бағдарламалардың сипаттама блогы [өңдеу]

Бағдарламалардың сипаттама блогы (Блок спецификации программ; program specification block) - IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде бағдарламаның байланыс блоктарының жиынтығы болып саналатын модуль. Бағдарламадағы пайдаланылатын әрбір мәліметтер базасы үшін бір блоктан келеді.

Бағдарламалардың үйлесімділігі [өңдеу]

Бағдарламалардың үйлесімділігі (Совместимость программ; compatibility of the programs) — аса күрделі мәселелерді шешу үшін бағдарламалық кешендер мен автоматтандырылған жүйелерді бір-бірімен біріктіру тұрғысынан бағдарламалардың жарамдылығы.[2]

Ішкі сілтемелер [өңдеу]

Сыртқы сілтемелер [өңдеу]

Пайдаланған әдебиет [өңдеу]

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.



«http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Компьютерлік_бағдарлама&oldid=1887549» бетінен алынған 

Санаттар: 
Информатика
Компьютерлік техника
Жасырын санаттар: 
Аяқталмаған мақалалар
Үлгісін дәлдеу қажет аяқталмаған мақалалар
Уикилендіруі қажет мақалалар
Еш медиа файлы жоқ мақалалар
 

Navigation menu

 

Жеке құралдар



Жаңа тіркелгі
Кіру
 



Есім кеңістігі



Мақала

Талқылау
 


disable 

Нұсқалар




disable

Кирил

Latın

توتە

disable

disable

disable
 




Көрініс



Оқу

Өңдеу

Тарихы
 


Әрекеттер












Бағыттау




Басты бет

Қауым порталы

Ағымдағы оқиғалар

Жуықтағы өзгерістер

Кездейсоқ бет

Анықтама

Демеушілік
 



Баспа/экспорт




Кітап жасау

PDF түрінде жүктеп алу

Басып шығару үшін
 



Құралдар




Мұнда сілтейтін беттер

Қатысты өзгерістер

Арнайы беттер

Тұрақты сілтеме

Page information

Беттен дәйексөз алу
 



Басқа тілдерде




Afrikaans

العربية



Asturianu

Azərbaycanca

Беларуская

Беларуская (тарашкевіца)

Български



Brezhoneg

Bosanski

 

Català

Česky

Deutsch

Ελληνικά

English

Esperanto

Español

Eesti

فارسی

Suomi

Võro

Français

Frysk

Gaeilge

Gàidhlig

Galego

עברית

ि

Hrvatski

Magyar

Bahasa Indonesia

Ido

Íslenska

Italiano







Кыргызча

Latina

Lëtzebuergesch



Latviešu

Олык марий

Македонски

Bahasa Melayu



Nederlands

Norsk bokmål

Polski

Português

Runa Simi

Română

Русский

Русиньскый

Simple English

Slovenčina

Slovenščina

Shqip

Српски / srpski

Svenska

ி



Tagalog

Українська

اردو

Oʻzbekcha

Walon

Wolof



ייִדיש



Bân-lâm-gú



Edit links
 





Бұл беттің өзгертілген соңғы кезі: 01:00, 2013 ж. сәуірдің 3.

Text is available under the Creative Commons Attribution/Share-Alike License; additional terms may apply. See Terms of Use for details.
 


Жеке құпиясын сақтау

Уикипедия туралы

Жауапкершіліктен бас тарту

Мобильді нұсқа
 


Wikimedia Foundation
Powered by MediaWiki